Өзбекстан Президенті Жапонияға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев ресми сапармен Токио қаласына келді.
«Ханеда» халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Жапонияның ішкі істер және коммуникациялар министрі Ёшимаса Хаяши және басқа ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапардың негізгі іс-шаралары 19–20 желтоқсан күндері өтеді. Өзбекстан Президенті Жапония Императоры Нарухито, Премьер-министр Санаэ Такаичи, сондай-ақ басқа да ресми тұлғаларме, іскер топтар және академиялық қауымдастық өкілдерімен кездесулер өткізеді.
Сонымен қатар, Өзбекстан басшысы «Орталық Азия + Жапония» диалогының алғашқы саммитіне қатысады.





