Өзбекстан Президенті Бакуге келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен 23 қарашада жұмыс сапармен Бакуге келді.
Жоғары мәртебелі мейманды Гейдар Әлиев атындағы әуежайда Әзірбайжан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Якуб Аюбов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Ертең, 24 қарашада Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) бірінші саммитіне қатысады.