Өзбекстан Президенті БҰҰ-Хабитат атқарушы директорымен кездесу өткізді
Дүниежүзілік урбан форумы аясында 18 мамыр күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру бағдарламасының (БҰҰ-Хабитат) атқарушы директоры Анаклаудия Россбахпен кездесу өткізді.
БҰҰ-Хабитатпен қалаларды тұрақты дамыту, қалалық инфрақұрылымды жетілдіру және қала құрылысы саласында заманауи тәсілдерді енгізу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Өткен жылы Самарқанд климат форумы аясында өткен кездесуде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы да қаралды. Ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, соның ішінде бірлескен «жол картасын» әзірлеу, салалық жобаларды ілгерілету және сарапшылар арасындағы байланысты күшейту маңызды екені атап өтілді.
Сондай-ақ Өзбекстан Президенті тарапынан Дүниежүзілік урбан форумында ұсынылған бастамаларды іске асыру мәселелері бойынша да пікір алмасылды.
