Өзбекстан – Пәкістан бизнес-форумы өтеді
Биылғы жылдың 5–6 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасының Исламабад қаласында Өзбекстан – Пәкістан бизнес-форумы және «Made in Uzbekistan» көрмесі өтеді.
ӨР Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің мәліметінше, бұл іс-шара екі елдің ресми өкілдері мен бизнес қауымдастығы арасында тікелей байланыс орнатуға арналған тиімді алаң болмақ. Сонымен қатар, өзара ынтымақтастықты дамытуға, инвестиция саласында пікір алмасуға және сауда-экономикалық байланыстардың аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.
Форум аясында республикамыздың инвестициялық әлеуеті, шетелдік инвесторларды қолдау мақсатында жасалған жағдайлар, жеңілдіктер мен тетіктер таныстырылады. Сондай-ақ, шетелдік серіктестер үшін неғұрлым қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру перспективалары талқыланады.
Ал «Made in Uzbekistan» көрмесінде экспортқа бағдарланған, өзара байланыстарды тереңдетуге бағытталған отандық өндірушілердің өнімдері ұсынылады.