Өзбекстан Орталық банкі негізгі мөлшерлемені төмендетті
21 шілдеде Орталық банк негізгі мөлшерлемені белгілеу мәселесін қарап, оны төмендету туралы шешім қабылдады.
«Қазір Өзбекстан Орталық банкінің кезекті отырысы өтіп жатыр. Негізгі мөлшерлемені 1 пайыздық тармаққа, жылдық 15 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылданды», - делінген Орталық банк хабарында.
2021 жылдың қаңтар, наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек, қазан және желтоқсан айларында Орталық банк негізгі мөлшерлемені жылдық 14 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.
2022 жылдың 20 қаңтарында да Орталық банк негізгі мөлшерлемені жылдық 14 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. 17 наурызда негізгі мөлшерлемені 17 пайызға көтерді. Сонымен қатар, 21 сәуірде негізгі мөлшерлемені жылдық 17 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, осы жылдың 9 маусымында Орталық банк негізгі мөлшерлемені 1 пайыздық тармаққа, жылдық 16 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдаған болатын.