Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері жаңа жобаларды іске қосты
Жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысынан кейін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон ірі кооперациялық жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшылары 10 бірлескен жобаның басталуына жол ашты.

Аталған жобалар аясында Тәжікстанда жиһаз және былғары өнімдері өндірісін жолға қою, тұрмыстық техника шығаруды кеңейту, тоқыма өндірісін дамыту, Ташкент қаласында тұрғын үй кешендері мен сауда нысандарын салу, сондай-ақ Ферғана облысында консерві өнімдерін өндіру көзделген.

Сонымен қатар, Әндіжан облысында сүт өнімдері өндірісі, ал Сұрхандария облысында жеміс шырындары мен металл брикеттерін шығару жобалары іске қосылды.

Бұдан бөлек, Жаңа Ташкент қаласындағы көшелердің біріне Душанбе атауын беру рәсімі өтті.
Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері ұсынылған жобалардың жүзеге асырылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
