Әнгімелесу барысында аймақтық ынтымақтастық пен халықаралық саясаттың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 23 мамырда Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Сұхбат басында Мемлекет басшылары бір-бірін күллі мұсылман қауым үшін мейір-шапағат, қайырымдылық пен ізгілік жаршысы болған - Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас халықтарға бақыт пен шаттық тіледі.

Президенттер екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі мәселелерге назар аударып, заманауи түрлі қауіп-қатерлерге қарсы күресте тығыз ынтымақтастық жасап жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Сондай-ақ, коронавирустың таралуына қарсы екі елде де қабылданған қатаң шаралар, осы қауіпті аурудың жағымсыз әсерлерін азайтуға, халыққа атаулы көмек көрсетуге, экономиканың негізгі салаларын алға бастыруға және бизнесті дамытуға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламалар қолдауға ие болды.

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне пандемиямен күресте, және Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайға байланысты көрсетілген көмек үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Өзбекстан мен Түркия тиімді аймақтық көлік дәліздерін дамытуға, соның ішінде «Баку-Тбилиси-Карс» теміржолын тиімді пайдалануға, сондай-ақ жүк тасымалы көлемін арттыруға қолайлы жағдай жасауға мүдделі және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде осы жылдың басында Анкарада өткен Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысының шешімдерін орындау маңызды екендігі айтылды.

Әнгімелесу соңында аймақтық ынтымақтастық пен халықаралық саясаттың бірқатар өзекті мәселелері талқыланып, Президенттер Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау, экономика, сауда және көлік министрліктері басшыларының арасындағы онлайн-кездесулердің нәтижелерін жоғары бағалады.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркия Президенттері телефон арқылы сөйлесті