«Куксарай» резиденциясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шағын құрамда кездесуі өтті.
Сұхбат басында Мемлекет басшысы жоғары мәртебелі мейманды жылы лебізімен құттықтап, Ресей Президенті қайта сайланғаннан кейін алғашқы шетелдік сапарларының бірін Өзбекстанға жасап жатқанын ерекше атап өтті.
Кездесуде Өзбекстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту және тереңдету мәселелері талқыланды.
Сапарға дайындық барысында парламент депутаттарының кездесулері, саяси консультациялар, «Иннопром» көрмесі, екі елдің жетекші инженерлік-техникалық жоғары оқу орындарының ректорлары мен беделді медицина мекемелері басшыларының конференциялары нәтижелі өткені, Ташкентте Ресей өнері апталығының іс-шаралары жалғасып жатқаны атап өтілді.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқыны артып келе жатқан айтылды. Өзара сауда мен Ресейден келетін инвестиция көлемі көбейіп, өндірістік кооперация дамып келеді. Бірлескен жобалардың портфелі 45 миллиард долларды құрады.
Жетекші кәсіпорындардың бірлескен жобаларын қолдау мақсатында Бірлескен инвестициялық платформаны іске қосу туралы келісімге қол жеткізілді.
Президенттер өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бүгін Мемлекет басшыларының төрағалығымен Өзбекстан мен Ресей өңірлері кеңесінің бірінші отырысы өтеді.
Сондай-ақ көшбасшылар энергетика, оның ішінде атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, инновациялар, көші-қон, қауіпсіздік және басқа да салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Көпқырлы мәдени-гуманитарлық алмасудың дамуы жоғары бағаланды. Сапар барысында мәдени ынтымақтастық бағдарламасы қабылданады.
Білім беру және инженер кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Өзбекстанда Бауман атындағы Мәскеу техникалық университетінің және Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының филиалдарын ашу туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Мемлекет басшылары тараптарды қызықтыратын өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасты.