Өзбекстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 17,8 миллиард долларға жетті
Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму зерттеулері орталығының директоры Лу Хао бастаған делегация Өзбекстандағы сапары аясында түрлі ведомстволар мен министрліктерде кездесулер өткізіп, жауапты тұлғалармен келіссөздер жүргізді.
Осындай кездесулердің бірі инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратовпен өтті.
Келіссөздер барысында тараптар өзара қарым-қатынастардың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін, жаңа кезеңде жан-жақты стратегиялық әріптестік сипатқа ие екенін ерекше атап өтті. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мақсатында сараптамалық-талдамалық байланыстарды тереңдетудің маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар «жасыл» энергетика, өнеркәсіп, су үнемдеу және басқа да басым бағыттардағы практикалық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
Кездесу соңында бірлескен шешімдер әзірлеу, сондай-ақ маңызды бағыттарда екіжақты байланыстарды нығайтуға бағытталған жүйелі әріптестікті жолға қоюға екі тараптың да мүдделі екені атап өтілді.
Айта кетсек, 2025 жылы Өзбекстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 17,8 миллиард долларға жеткен. Ал биылғы жылдың қаңтар–ақпан айларында өзара сауда көлемі 3,19 миллиард долларды құрап, экспорт көрсеткіші 13 пайызға өсті.

Келіссөздер барысында сауда-саттықты одан әрі кеңейтіп, екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеру қажеттігі ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ тараптар өңіраралық ынтымақтастықты жандандыру мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту арқылы сауда айналымын ұлғайту мүмкіндіктері де жан-жақты қарастырылды.
Бұл өз кезегінде Өзбекстан мен Қытай арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтып, ұзақ мерзімді экономикалық өсімге жол ашатыны болады.