ӨР Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Шекара әскерлері Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

2022 жылғы 5 мамырда Наманган облысының «Янгикурган» ауданындағы Актом ауылы арқылы өтетін өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасында, Өзбекстан шекарашылары белгісіз бір топтың Өзбекстаннан Қырғызстанға ірі көлемдегі тауарды алып өтуін байқап, бұл заң бұзушылықтың алдын алу шаралары қолға алынды.

Мемлекеттік шекараны бұзушыларды шекарашылар ұстау кезінде бір топ бұзушылар әскерилерге қарсылық көрсетіп, күш қолданған және дене жарақатын салып, қаруды тартып алуға әрекет еткен.

Бұл жағдайда әскери қызметшілер заңда белгіленген тәртіппен қару қолдануға мәжбүр болған. Оның салдарынан 3 адам жараланып, олрады серіктері Қырғызстанға алып кеткен.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін 5 мамырда Өзбекстан мен Қырғызстан шекарашылары арасында кездесу өтті. Сондай-ақ, 6 мамырда Қырғызстанның Ферғана аңғары мен Жалал-Абад облысы бағытында шекара өкілдерінің кездесуі өткен.

Рсеми хабарда қазір екі тарап та жағдайды анықтап жатыр, шекарадағы жағдай тұрақты екені айтылады.

2022 жылдың 6 мамырында Өзбекстанның тиісті құқық қорғау органдары Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 223-бабы («заңға қайшы түрде шетелге шығу немесе Өзбекстанға кіру») бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр, делінген ресми ақпаратта.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме