Ежелден бауырлас өзбек пен қазақ халқының өткені мен бүгіні, арманы мен мұраты ортақ. Ол біздің елдеріміз арасындағы ғана емес, сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін күш-жігерді біріктіруде маңызды рөл атқарады.
Бұл туралы Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева мен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжләсәнәі Төрағасы Ерлан Қошановтың кездесуінде атап өтілді.
Мемлекет басшыларының өзара сенімі мен берік саяси ерік-жігерінің арқасында стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделген қарым-қатынастар жоғары деңгейге көтерілгені сөз болды.
Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығына назар аудара отырып, кейінгі жылдары өзара тауар айналымының көлемі айтарлықтай артып, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларын аралығында тауар айналымы 2,8 миллиард долларға жеткені айтылды.
Сұхбат барысында Өзбекстан мен Қазақстанның жетекші кәсіпорындары арасында кооперация жобалары жүзеге асырылып жатқанына, тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізуге барлық негіз бар екеніне назар аударылды.
Парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту және оны практикалық мазмұнмен байыту жөнінде пікір алмасылды. Атап айтқанда, Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің жұмысын жандандыру екіжақты келісімдердің іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.
Екі елдің көп қырлы ынтымақтастығы Орталық Азия дамуының драйвері екені, парламентаралық құрылымдар аясындағы жұмыс өңірдегі көршілердің бірлігіне қызмет ететіні айтылды.
Парламентаралық ынтымақтастық Кеңесі, сондай-ақ Қазақстан Парламенті Мәжілісімен ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топ аясындағы қарым-қатынастарды жандандыру, заң шығармашылығы саласында өзара тәжірибе алмасу, парламенттің жас мүшелері арасындағы тиімді диалогты жолға қоюға ұсыныс білдірілді.
Кездесу соңында елдер арасында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін заңнамада қажетті тетік құруға келісілді.