Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Жібек-Жолы» шекаралық-кедендік бекетінде байқалған жүк көліктерінің кептелісіне орай туындаған мәселені шешу мақсатында екі елдің делегаттары кездесті.

ӨР Мемлекеттік кеден комитетінің хабарлауынша, ӨР Кеден комитеті төрағасының бірінші орынбасары Ильхом Мухторов пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов, сондай-ақ Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов және екі елдің шекаралық бақылау басқармасы басшылары қатысты.

«Бастапқыда тараптар Қазақстанның «Жібек-Жолы» шекаралық-кеден бекетінде келіссөздер жүргізіп, онда осы күндері өзбек-қазақ шекара бекеттерінде байқалған жүк көліктерінің қозғалысына басты назар аударылды», делінген хабарламада.

Кейінгі 5 жылда екі ел арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық ынтымақтастықтың дамуы нәтижесінде автокөлікпен тасымалданатын сыртқы сауда жүктері екі есеге өскені атап өтілді. Атап айтқанда, Өзбекстан-Қазақстан шекарасы арқылы өтетін жүк көліктерінің саны жыл сайын 100 мыңға артып келеді.

Айта кетейік, биылғы жылдың 4 айында Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы 331 мың 672 автокөлік өтсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 160 мың 689 болған.

Осы ретте республикада егін жинау науқаны басталып, қараша айына дейін ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты күннен-күнге артады. Осы факторлардың нәтижесінде өзбек-қазақ шекара бекеттерінде барлығы мыңға жуық жүк көлігі кептелісі байқалуда.

Кездесуге қатысушылар Өзбекстанның «Гишткөприк», «Яллама», «Сырдария» шекаралық кеден бекеттері, «Мәлік», «Ақ алтын» өткізу пункттері, Қазақстанның «Б.Қонысбаев», «Атамекен» шекаралық кеден бекеттерінде болып, туындаға жағдайды қарастырды, кептелісте тұрған жүргізушілермен сұхбаттасты.

Тараптар мәселені жедел шешуге бағытталған ұсыныстарды жан-жақты талқылаған.

Атап айтқанда, Өзбекстан тарапы негізінен күндіз жұмыс істейтін «Малик» (Өзбекстан) – «Сырдария» (Қазақстан) өткізу пунктін тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшіру, сондай-ақ жүргізушілердің азаматтығы және көлік құралы тіркелген еліне қатысты шектеулерді алып тастауды ұсынылып отыр. Осы мақсатта екі ел арасында 2001 жылы қол қойылған келісімдерге түзетулер жобасы да әзірленген.

Сондай-ақ, «Яллама» (Өзбекстан) – «Б.Қонысбаев» (Қазақстан) шекаралық-кеден бекеттері арқылы жүк көліктерінің өткізу қабілетін тәулігіне 700 көлікке дейін ұлғайту туралы ұсыныс айтылды. Бұл үшін қосымша күштер мен құралдар, атап айтқанда, озық ақпараттық технологияларды кеңінен тарту көзделген.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы мәселе талқыланды