Өзбекстан дипломаттары Қазақстан Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембаевпен кездесті.

Бұл туралы «Dunyo» ақпарат агенттігі хабарлады.

Хабарламада айтылуынша, кездесу барысында Өзбекстанның жүк тасымалдаушы компаниялары Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара өткізу пункттері арқылы жеміс-көкөніс пен басқа да тез бұзылатын тауарларды тасымалдау кезінде туындап отырған бірқатар мәселелерді көтерген. 

«Атап айтқанда, «CarGoRuqsat» электронды кезек жүйесіндегі түсініспеушіліктер, шекара маңында «жасыл» дәліздердің жоқтығы, автокөліктерге арналған тұрақтар мен жүргізушілерге лайықты жағдайдың жасалмауы мәселелері сөз болды.

Қазақстан тарапы бұл жағдайлардан хабардар екенін жеткізіп, жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін жүйеге өзбек тіліндегі арнайы бет енгізілгенін және қосымша дәліздер ашылғанын мәлімдеді», делінген хабарда.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар жеміс-көкөніс өнімдерінің шекарадан кедергісіз өтуі үшін «жасыл» дәліздер құру жөнінде қажетті шешімдер қабылдауға уағдаласты.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында «жасыл» дәліздер енгізіледі