Өзбекстан мен Қазақстанның ресми ведомстволары екі ел азаматтарының мемлекеттік шекарадан ұлттық жеке куәлік (ID карта) арқылы өтуіне рұқсат беру мәселесін талқылап жатыр.

Бұл туралы Өзбекстан Президентінің сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі Абдулазиз Комиловтың «Жаңа Өзбекстан» газетасында жариялаған мақаласында айтылған.

Саясаткер Астана қаласында өткен Орталық Азия елдері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі аймақтағы барлық елдердің кейінгі алты жылдағы кезекті төрағалығының нәтижесін символды қорытындысы болғанын айтып, бұл формат мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап бергенін мәлімдеген.

Сонымен қатар ол Өзбекстан мен Қазақстан шекараны заңды түрде ресімдеуді толық аяқтағанын, Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен мемлекеттік шекара делимитацияланғаны, қазіргі кезде елдер арасындағы өткізу бекеттері өз жұмысын қалпына келтіріп, азаматтардың қозғалысы айтарлықтай жеңілдегенін жеткізген. 

«Бүгінде Өзбекстан мен Орталық Азия елдері арасындағы шекараны достық пен тату көршілік көпірі деп атауға болады. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өзбекстан-Қырғызстан шекарасынан өтуде азаматтар ID картаны пайдалануда. Дәл осындай жоба Қазақстанмен де талқылануда», - деп жазады Абдулазиз Комилов өз мақаласында.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан шекарадан азаматтарды ID карта арқылы өткізуді талқылап жатыр