Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусым күні телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Өзбекстан және Қазақстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар практикалық ынтымақтастықтың, ең алдымен, сауда, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік, экология, ауыл және су шаруашылығы салаларында жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
Барлық деңгейдегі белсенді байланыстарға айрықша назар аударылды. Мемлекет басшылары екі ел Президенттері Әкімшіліктері арасындағы қол жеткізілген келісімдерді уақтылы жүзеге асыруға және әріптестік күн тәртібін жаңа жобалар, бастамалармен толықтыруға ықпал етіп отырған тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалады.
Өзбекстан мен Қазақстан көшбасшылары өңірлік саясаттың өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасып, алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралардың жоспарын қарастырды.