Өзбекстанның өңірлері мен Қазақстанның Алматы облысы арасындағы сауда-экономикалық байланыстар нығая түспек.

Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Бахтиёр Ибрагимов Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм, сауда салаларындағы ынтымақтастықты және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

«Тараптар екі ел өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында Алматы облысының Өзбекстанмен өзара сауда көлемі 171 миллион АҚШ долларын құраған», делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша маусымдық көкөніс пен жеміс-жидек жеткізу, сүт өнімдері мен қаптама материалдарын бірлесіп өндіру, сондай-ақ Алматы облысының делегациясының Қашқадария облысында өтетін «Kashkadarya Invest – 2024» бизнес-форумына қатысуы туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан маусымдық көкөніс пен жеміс-жидек жеткізуді жолға қояды