Бүгінгі таңда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы баланыстар қарқынды дамып келеді. Соның қатарында ғарыш саласындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түскен.

«Узбеккосмос» агенттігінің хабарлауынша, агенттіктің өкілдері мен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов арасында кездесу өтті. 

Жиында екіжақты ынтымақтастықтың болашағы және ғарыш саласындағы байланысты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, «Узбеккосмос» агенттігі мен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жанындағы Аэроғарыш комитеті арасындағы әріптестікті күшейту бағытындағы ынтымақтастық қарастырылды.

Осыған орай, биыл 7–9 қыркүйек күндері Астана қаласында өтетін «Space Days Kazakhstan» іс-шарасына қатысу үшін «Узбеккосмос» делегациясы шақырту алды.

Кездесу барысында Байқоңыр ғарыш айлағы аумағында туризм бағытын дамыту, сондай-ақ ғарыштық білім беру мен кадр даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері де сөз болды.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ғарыш саласындағы ынтымақтастық нығайып келеді