Ташкентте өткен Өзбекстан-Үндістан бизнес-форумы аясында Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Жамшид Худжаев пен Үндістан қаржы министрі Нирмала Ситхараман инвестицияларды қорғауға бағытталған екі жақты келісімге қол қойды.
Бұл құжат халықаралық тәжірибе негізінде өзбек инвесторларының Үндістанда, сондай-ақ үндістандық инвесторлардың Өзбекстанда лайықты қорғалуына кепілдік береді.
Келісім инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдайды жақсартуға, инвесторлардың сенімін нығайтуға және ықтимал дауларды арбитраж арқылы шешу тетігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, құжат инвестицияларды экспроприациялаудың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету, қаражат қозғалысы мен шығындарды өтеу механизмдерін қарастырады.
Осы келісімге қол қойылуы Өзбекстан мен Үндістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, қауіпсіз және тұрақты инвестициялық орта қалыптастыруға деген ортақ міндеттемелерін айқындады. Бұл құжат екі ел арасындағы инвестиция көлемін арттырып, экономика мен кәсіпкерлікке пайда әкеледі деп күтілуде.