Өзбекстан мен Литва елдерінің Нотариаттық палаталары меморандум орнатпақ
Өзбекстан Республикасының нотариаттық палатасы және Литва Республикасының нотариаттық палатасы өз өкілеттіктері шеңберінде және өз елдерінің ұлттық заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкес өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қояды.
Атаулы меморандумның ерекше назар аударатын тұсы осы кезге дейін болмаған өзгеше форматта, ынтымақтастық туралы келісімге қашықтан тұрып қол қоятынында. Меморандумға вебинар арқылы қол қою - бұл өзіміз үшін ғана емес, аймақтағы көрші елдер үшін де ынтымақтастықтың жаңа түрі болмақ.