Өзбекстан мектептерінде күзгі демалыс 4 қарашада басталады
Өзбекстанда мектеп оқушылары үшін тоқсанның соңғы күні биылғы жылы 2 қарашаға сәйкес келеді, ал 4 қараша күзгі демалыстың алғашқы күні саналады. Демалыс 6 күнтізбелік күн, яғни 9 қарашаға дейін жалғасады. II тоқсан 11 қарашадан басталады.
Мектепке дейінгі және мектеп білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Министрлер Кабинетінің 2017 жылғы 140-шы қаулысымен бекітілген ереже бойынша, оқушылар үшін демалыс күндері төмендегідей белгіленген:
- Күзгі демалыс – 4 қарашадан бастап 6 күнтізбелік күн;
- Қысқы демалыс – 28 желтоқсаннан бастап 14 күнтізбелік күн;
- Көктемгі демалыс – 21 наурыздан бастап 7 күнтізбелік күн;
- Жазғы демалыс соңғы кезеңдік бақылау сынағы өткен күннен (кезеңдік бақылау өткізілмейтін сыныптар үшін оқу жылы аяқталған күннен) 1 қыркүйекке дейін.
1-сынып оқушылары үшін ақпан айында қосымша бір апталық демалыс белгіленеді.
Айта кетейік, демалыстың соңғы күні мерекелік (жұмыс істемейтін) күнге сәйкес келген жағдайда, сабақтар келесі жұмыс күнінен бастап жалғасады. Мерекелік (жұмыс істемейтін) күндерге сәйкес келген сабақтардың тақырыптары оқу бағдарламаларын ықшамдап, келесі сабақтарда өтіледі.