Өзбекстан ұлттық құрамасының жейдесіне жаңа дизайн үлгісі үшін байқау жариялады
Жаңа форманың дизайндық үлгісін кез-келген жанкүйер жасауы мүмкін.
Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының экипировкасы өзгереді. Ол жайлы Өзбекстан Футбол Ассоциациясы жаңа дизайндық үлгіге конкурс жариялады.
Ассоциацияның мәлімдеуінше, жаңа форманың дизайндық үлгісін кез-келген жанкүйер жасауы мүмкін. Сосын оны Өзбекстан Футбол Ассоциациясының электрондық поштасына жібере алады.
Көрсетілген жаңа үлгідегі дизайн жұмысьтарының арасындағы ең жақсылары арнайы сыйлықтармен марапатталады. Ал, арнайы мамандар арқылы үздік деп табылған үш дизайн үлгісін дайындаған авторларға, Өзбекстан ұлттық футбол құрамасы ойыншыларының қолтаңбасы қойылған оригиналды футбол доптары табысталатын болады.