Өзбекстан әлемнің 30 елінен шоколад импорттады
Статистика агенттігінің мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Өзбекстан әлемнің 30 елінен 5600 тонна шоколад импорттаған.
Шоколад импортының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мың тоннаға азайған.
Өзбекстан 2 айда ең көп шоколад импорттаған елдер:
- Ресей – 3,3 мың тонна
- Польша – 901 тонна
- Нидерланды – 327 тонна
- Түркия – 218 тонна
- Қазақстан – 208 тонна
- Украина - 170 тонна
- Беларусь – 81 тонна
- Франция - 60 тонна
- Германия – 24 тонна
- Италия - 23 тонна.