Өзбекстан әлемдегі бейбіт елдер рейтингінде 37-орынға ие болды
Өзбекстанның халықаралық аренадағы оң имиджі тағы бір маңызды рейтингте өз дәлелін тапты.
Экономика және бейбітшілік институты (Institute for Economics & Peace — IEP) жариялаған «Global Peace Index 2026» рейтингінде Өзбекстан 163 мемлекет арасында 37-орынға ие болды. Елдің жалпы көрсеткіші 1,726 балды құраған.
Бір жылдың ішінде Өзбекстанның рейтингтегі позициясы айтарлықтай жақсарған. 2025 жылы ел 67-орында болса, 2026 жылы 37-сатыға көтерілді. Яғни бір жылда 30 орынға жоғарылаған.
Өзбекстан жаһандық рейтингте жоғары орынға ие болып қана қоймай, Орталық Азия мемлекеттері арасында да көш бастады. Рейтингте Қазақстан 44-орында, Тәжікстан 47-орында, Қырғызстан 61-орында, ал Түркіменстан 66-орында тұр.
Осылайша, Өзбекстан өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық деңгейі бойынша көршілес мемлекеттер арасында ең жоғары көрсеткішті көрсетті.
Өзбекстанның «Global Peace Index 2026» рейтингінде 37-орынға көтерілуі елдің халықаралық туристік имиджі үшін де маңызды оң көрсеткіш саналады.
Самарқанд пен Бұхараның тарихи мұрасы, Хиуаның қайталанбас келбеті, Ташкенттің заманауи сипаты туристерді қызықтырса, елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік олардың Өзбекстанды саяхат бағыты ретінде таңдауына серпін беруі мүмкін.
67-орыннан 37-орынға көтерілген жағдай Өзбекстанның халықаралық деңгейде бейбіт, қауіпсіз әрі тұрақты ел ретіндегі имиджінің нығайып келе жатқанын көрсететін маңызды жайттардың бірі саналады.