Өзбекстан өкілі ЕО президентіне сенім грамоталарын табыс етті
Өзбекстанның Еуропа Одағындағы тұрақты өкілі Ғайрат Фозилов Брюссельде Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Ляйенге сенім грамоталарын табыс етті.
Салтанатты рәсімнен кейін өткен әңгіме барысында Урсула фон дер Ляйен биыл сәуір айында өткен «Орталық Азия – Еуропа Одағы» алғашқы саммитінің нәтижелерін жоғары бағалап, диалогтың маңыздылығына тоқталды.
Еурокомиссия басшысы Еуропа Одағының Өзбекстан және Орталық Азия мемлекеттерімен жан-жақты, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін нақтылады.