Дүниежүзіндегі ең қауіпсіз елдер тізімінде Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) көш бастап тұр. Бұл ел жеке қауіпсіздік пен қоғамдық ортаның жалпы тұрақтылығы үшін жоғары бағаланған.
2025 жылға арналған Numbeo талдамалық платформасының жаңартылған рейтингінде әлемнің ең қауіпсіз елдері мен өңірлері жарияланды. Зерттеу жаһан бойынша жүргізілген сауалнамалар негізінде жасалған және қылмыс деңгейі мен қауіпсіздік сезімін субъективті түрде бағалайды.
Жаңа есепке сәйкес, БАӘ бірінші орынды иеленсе, екінші орында Андорра, үшіншіде Қатар орналасқан. Өзбекстан бұл тізімде 25-орынға жайғасқан.
Ең қауіпсіз елдер мен өңірлердің алғашқы ондығы:
- Біріккен Араб Әмірліктері
- Андорра
- Қатар
- Тайвань
- Макао
- Оман
- Мэн аралы
- Гонконг
- Армения
- Сингапур
Аталған елдерде қылмыс деңгейі төмен, тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімі жоғары, ішкі ахуал тұрақты.
Өзбекстан рейтингте 25-орынға ие болды. Ал басқа елдердің орындары мынадай:
- Әзербайжан – 35-орын
- Ресей – 52-орын
- Қазақстан – 73-орын
- Украина – 81-орын
- Қырғызстан – 101-орын
Түркіменстан мен Тәжікстан рейтингке енбеген.
Ең қауіпті елдер тізімінде:
- Гаити
- Папуа–Жаңа Гвинея
- Венесуэла
- Ауғанстан
- Оңтүстік Африка
- Гондурас
- Тринидад пен Тобаго
- Сирия
- Ямайка
- Перу
Бұл елдер зорлық-зомбылық, көше қылмысы, тонау, сыбайлас жемқорлық және жалпы қауіпсіздік сезіміне кері әсер ететін факторлар бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болған.
Numbeo индекстері қылмыс деңгейі, күндізгі және түнгі қауіпсіздік, ұрлық, шабуыл, вандализм, нәсілдік немесе діни зорлық-зомбылыққа ұшырау қаупі туралы пайдаланушылардың жеке пікірлері негізінде есептеледі.
Айта кету керек, бұл мәліметтер ресми мемлекеттік статистикаға емес, сауалнамаға қатысқандардың субъективті қабылдауына негізделген.