Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 25 наурыздан бастап Өзбекстан аумағына кірерде танылған зертханалардың коронавирусқа арналған ПТР тест нәтижелері ғана сұралады. ПТР тест туралы куәлігі жоқ азаматтар шекаралық бекеттерде экспресс-тест тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Туризм комитетінің дерегінше, ПТР тест нәтижесі қабылданатын зертханалардың тізімін (кем дегенде 10) санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жасақтайды. Ал тест нәтижесі ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы керек.

Жаңа талаптар бойынша:

  • ӨР аумағына әуе, теміржол және шекара бекеттері арқылы келетін барлық азаматтар өз есебінен әуежайда, теміржол станциясында немесе шекара бекетінде коронавирустық антигенге экспресс-тесті тапсыру процесі 2021 жыл 15 наурыздан бастап жойылды;
  • әуе немесе теміржол бағытында келушілер ӨР-ға сапар алдынан тіркеуден өту үшін соңғы 72 сағат ішінде коронавирустық ПТР тест туралы анықтаманы (індет жоқ деген) көрсету талап етіледі;
  • автокөліктік бақылау бекеттері арқылы ӨР-ға келушілер 72 сағаттан аспайтын мерзімде коронавирустық ПТР тесттік ауру жоқтығы жайлы анықтама тапсырса немесе ПТР нәтижелері болмаған жағдайда шекара бекеттеріндегі клиника, зертханаларда коронавирустық инфекция антигеніне экспресс тест тапсырады, індет анықталмаса Өзбекстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етіледі. 

Жол шекара өткізу бекеттері арқылы келетін Өзбекстан азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, егер тест нәтижесінде ауру анықталған жағдайда, олар тиісті аймақта орналасқан медициналық мекемелерге жіберіледі.

«Сох» ауданы, «Шохимардан», «Чонкара», «Тоштепа» елді мекендерге кірерде және сол аймақтан ӨР-ға транзиттік жолмен келе жатқан Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарынан коронавирустық тест нәтижелері сұралмайды.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан аумағына кірудің жаңа тәртібі белгіленді