2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Өзбекстан әлемнің 198 елімен сауда байланысын жасады.
Осы арлықта Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 51 миллиард АҚШ долларына жетті.
Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауда айналымының көлемі 25,2 пайызға өскен.
Сыртқы сауда айналымында мына елдермен байланыс едәуір жоғары: Қытай (21,2 пайыз), Ресей (15,6 пайыз), Қазақстан (7 пайыз), Түркия (5,1 пайыз) және Корея Республикасы (3,7 пайыз).