Шығыстың шырайын ашқан шоқжұлдыз шығарманы ағылшынша сөйлеткен ақын, аудармашы Аъзам Обид

Түркі жұртының ұлы ақыны хәм шығыстың ойшыл данышпаны боп өмір кешіп, ғұмырының көп бөлігін әдебиетпен мәдениетке арнаған Әлішер Науаиның «Фархад пен Шырын» дастаны ағылшын тілінде жарық көрді.

Шығыстың шырайын ашқан шоқжұлдыз шығарманы ағылшынша сөйлеткен ақын, аудармашы Аъзам Обид. Айтулы шығарма Түркияда жарық көріп, ағылшынша нұсқаның мән-мазмұны мен көркемдігін тексерген жандар ең алдымен Марк Рис пен Кейти Рут Дейвис болды және көптеген ел қаламгерлері басқоса отырып атаулы шығарманың жарыққа шығуында мейлінше атсалысқан. Кітап бетін әрлеп әдемі сурет бояулармен кескіндеген Ниёзали Холматов және Шорасул Шоахмедов болса, Ибрахим Хаққул мен Эдуард Ртвеладзе сөз басын жазып батасын берген. 

12-700x748.jpg
Аъзам Обид

Өзбек әдебиетінде өзіндік биігі бар, қолтаңбасы қаланған Аъзам Обид бүгінгі күнде өлең және аударма шабытымен шектеліп қалмай өзбек әдебиетін әлемге танытуда үлкен жұмыс атқарып жүрен бірегей жан. Бірнеше шет тілдерін еркін меңгерген ақын бір жылдан беріге “Шет елдік жазушылар мен сүретшілер Өзбекстандағы резиденцияда”(“UzLAB”) атты халықаралық әдеби және мәдени шығармашылық туризм жобасын қолға алып, шетелдік қаламгерлер мен өнер сүйер жандарды Өзбекстанға шақыруда. Мұндағы көзделген мақсат шетелдік қаламгерлер бас қосуында өзбек даласының әсем мекендеріне саяхаттар ұйымдастырып, осы саяхат барысында өзбек әдебиетінің үздік туындыларын шетелдік жазушылар көмегінде аударма жасауға оларды шетелдерде баспадан шығару сынды игі шараны бастаған.

Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында өткен кітап тұсаукесерінде аудармашы «Фархад пен Шырын»ның ағылшыншасы үш мың тиражбен оқырманға жол тартқаны жайында айтып, атаулы кітаптың бұданда көп таралымын Үндістанда тағыда баспадан шығару жоспарланғанын жеткізді. Қазірде шетелдік жазушылар мен жақсы диалог жасап жүрген Аъзам Обид кітаптың әлемдік әдебиет сүйер қауымға жеткізу жолдарын өз жобасы арқылы жүзеге асырмақ ойда. Биыл “UzLAB” жобасы бойынша 10 елден 25-30 шығармашыл жан келу ниетін білдірген.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбек әдебиетінің шоқтығы Науаиның «Фархад пен Шырыны» ағылшын тілінде жарық көрді