Кеше Өзбекстанда маңызды саяси шара – Олий Мажлис Заң шығарушы палатасы мен жергілікті кеңес депутаттарының сайлауы өтті.
Осыған орай, елге бірнеше елден БАҚ өкілдері келіп, сайлау барысын бақылап, ақпарат таратты. Олардық қатарында Қырғыз Республикасының «Кабар» Ұлттық ақпарат агенттігінің директоры Медербек Шерметалиев те болды, ол Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігіне арнайы сапармен келді.
Кездесу барысында екі елдің жетекші ақпарат агенттіктері арасындағы байланысты заман талабына сай дамыту қажеттігі талқыланды.
Әңгімелесу аясында ақпарат алмасу ауқымын кеңейту, қызметкерлердің кәсіби тәжірибесі мен біліктілігін жүйелі түрде арттыру мақсатында серіктестік орнату туралы келісімге келіп, жаңартылған Өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.
«Бүгінгі таңда Қырғыз Республикасы мен Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы әділ әрі сенімді ақпарат тарату аса маңызды,» – деп атап өтті «Кабар» агенттігінің директоры Медербек Шерметалиев. – «Осы орайда Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігімен ынтымақтастықты нығайту келісіміміз уақытылы және маңызды қадам болды. Айта кетерлік жайт, Өзбекстан азаматтары саяси үдерістерге өте белсенді қатысуда. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас өзбек халқына бейбітшілік, өркендеу және амандық тілеймін.»
Қырғызстандағы негізгі мемлекеттік ақпарат агенттігі ретінде «Кабар» Өзбекстан өміріне қатысты материалдарды тұрақты түрде жариялап отырады.
Сондай-ақ, ӨзА Түркі мемлекеттері ақпарат агенттіктерінің альянсы (ATNA), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ақпарат агенттіктері кеңесі (Информсовет) және Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Ақпарат агенттіктері одағымен (UNA) де тығыз серіктестік байланыстарын дамытып келеді.
ӨзА