Германиялық танымал жаттықтырушы Юрген Клопп келесі маусымнан бастап Италияның «Рома» клубын баптайды.

Бұл туралы Италияның беделді «La Stampa» газеті хабарлады.

Қазіргі таңда команданы басқарушы Клаудио Ранери маусым соңында бапкерлік мансабын аяқтағалы отыр. Оның орнына Рим клубының тізгінін Клопптың алуы жоспарланған.

Айта кетсек, Юрген Клопп өз карьерасында «Майнц», «Боруссия Дортмунд» және «Ливерпуль» клубтарын жаттықтырған. Ол Германияда екі рет, Англияда бір рет ел чемпионатын жеңіп алған тәжірибелі маман.

Бұдан бөлек, Клопп 2013, 2018, 2019 және 2022 жылдары УЕФА Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, 2019 жылғы маусымда «Ливерпульмен» бірге бас жүлдені иеленген болатын. Егер бұл ақпарат ресми түрде расталса, Клопптың «Ромаға» келуі италиялық клуб үшін тарихи бетбұрыс болмақ.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Юрген Клопп келесі маусымда «Рома» клубының тізгінін ұстайды — БАҚ