Вьетнамда премьер-министр президент болды
Вьетнамның бір палаталы парламенті 2016 жылдан премьер-министр лауазымында жұмыс істеп келген Нгуен Суан Фукты елдің жаңа президенті етіп сайлады. Оны депутаттардың 97,5 пайызы қолдаған.
Ол 2018 жылда ауыр сырқаттан қайтыс болған Чан Дай Куанг орнына келген Нгуен Фу Чонгтың орын иеленді.
Нгуен Суан Фук - көпжылдық тәжірибесі бар көшбасшы және 2006 жылдан бастап орталық үкіметте қызмет етіп келеді.
2021 жылы қаңтарда өткен партияның 13-ші съезінде Нгуен Фу Чонг келесі бес жыл ішінде Коммунистік партияның Орталық Комитетінің бас хатшысы болып қайта сайланды және президенттікке үміткер бола алмады. Сол съезде премьер-министр Нгуен Суан Фук 2021-2026 жылдардағы президенттікке ұсынылған болатын.