Велоспорт: Өзбекстандық спортшы Испанияда қола жүлдегер атанды
Испанияда өткен «V Trofeo Ayuntamiento de Siero» халықаралық веложарысында өзбекстандық спортшы Нафосат Қозиева қола жүлдеге ие болды.
Шосселік велоспорттан ұйымдастырылған беделді додада әлемнің үздік шабандоздарымен бірге Өзбекстан ұлттық құрамасының өкілдері де бақ сынады.
200-ге жуық спортшы қатысқан жарыста «ODL Team» клубының мүшесі Нафосат Қозиева әйелдер арасындағы 74,7 шақырымдық қашықтықты 1 сағат 48 минут 23 секундта басып өтіп, мәреге үшінші болып жетті.
Осылайша, өзбекстандық велошабандоз халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алып, ел қоржынына кезекті жүлде сыйлады.