
Өзбекстанда ел тұрғындарын жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 41,1 миллион дозадан астам вакцина қолданылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, 20 қаңтар күні Өзбекстанда COVID-19-ға қарсы жалпы 113 443 доза вакцина қолданылған.
Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 41 142 077 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 134 051, ІІ компонентін 14 292 793, ІІІ компонентін алғандар 7 715 233 жеткені айтылады министрлік хабарында.
ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 89,7 пайызды құрауда. Ал, толық алғандар 66,9 пайызға жуығы толық вакцина алды.
20 қаңтар күнгі жағдай бойынша республикадағы 12 мен 18 жас аралығындағы 704 326 бала Pfizer вакцинасымен ерікті түрде вакцина алған.