UWW 2027 жылғы рейтингтік турнирлердің күнтізбесін жариялады
Біріккен күрес әлемі (UWW) 2027 жылы өтетін рейтингтік жарыстардың үш кезеңін қабылдайтын қалалар мен олардың өтетін мерзімін жариялады.
Күнтізбеге сәйкес, бірінші кезең 1–7 ақпан күндері Хорватияның Загреб қаласында, екінші кезең 31 мамыр мен 6 маусым аралығында АҚШ-тың Корралвилл қаласында, ал үшінші кезең 19–25 шілде күндері Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өтеді.
Загреб 2023 жылдан бері рейтингтік жарыстарды қабылдап келеді. Ұлан-Батор бұл сериядағы турнирлерді 2025 жылдан бері өткізіп жүр. Ал Корралвилл үшін 2027 жылғы жарыс «UWW Ranking Series» тарихындағы алғашқы турнир болмақ.
Сонымен қатар, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап UWW-дің рейтингтік ұпайларды есептеудің жаңартылған жүйесі күшіне енеді. Жаңа тәртіпке сәйкес, спортшылар енді тек қорытындыда алған орны үшін ғана емес, әрбір жеңісі үшін де рейтингтік ұпай иеленеді.
Рейтингтік турнирлер Лос-Анджелес-2028 Олимпиада циклі аясында спортшылардың рейтингтегі орнын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.