Украина мен Норвегия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Украина президент Володимир Зеленский және Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған декларацияға қол қойды.
Құжатта Украинаның қорғаныс әлеуетін нығайту негізгі басым бағыт ретінде белгіленген. Бұл Норвегия тарапынан әскери көмек көрсету және технологиялық серіктестікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Мәліметке сәйкес, тараптар әуе қорғанысы жүйелері, ұшқышсыз құрылғылар, теңіз қауіпсіздігі, логистика және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында ынтымақтастықты күшейтуге келісті.
Норвегия үкіметінің мәліметінше, қол жеткізілген келісімдер аясында украин дрондарын Норвегия аумағында өндіру мүмкіндігі де қарастырылған.