UFC: Ақ үй аумағында өткен турнир күтпеген сенсациямен аяқталды
Вашингтондағы Ақ үй аумағында өткен UFC Freedom 250 турнирінің басты жекпе-жегі күтпеген сенсациямен аяқталды.
Октагонда жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Илия Топурия мен уақытша чемпиондық белбеу иегері Джастин Гэтжи өзара кездесті.
Бес раундқа жоспарланған кездесу төртінші раундтан кейін мерзімінен бұрын аяқталды.
Жекпе-жек барысында Гэтжи Топурияны техникалық нокаутпен жеңді. Көптеген ауыр соққылар жіберіп алған Топурияға дәрігерлер төртінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді.
Осылайша, Гэтжи өзінің 28 жеңісіне қол жеткізді. Ал, жеңіліс білмей келе жатқан Топурия 17 жеңіс жолынан соң алғаш рет жеңіліс тапты.