Тәжікстан аумағында ұлы қолбасшы, сайыпқыран Әмір Темірдің өмірі мен қызметі туралы өзбек тілінде жазылған көне қолжазба табылды.
Мәдени мұра агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кітаптың соңында қолжазбаның жазылу уақыты хижри 1027 жылдың датасы жазылған. Бұл кезең 1618 жылдың маусым-шілде айларына сәйкес келеді.
Әзірге қолжазбаны кім жазғаны, кім және қайдан көшірілгені белгісіз. Душанбеден табылған бұл көне қолжазбаның көшірмесін Өзбекстанға әкеліп, белгілі тарихшы, деректанушы ғалымдардың көмегімен терең зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
ӨзА