2022 жылдан бастап Өзбекстанда жыл сайын қараша айының бірінші аптасында Халықаралық зиярат туризмі апталығы өтеді.

Осыған байланысты ӨР Министрлер Кабинеті «Халықаралық зиярат туризмі апталығын ұйымдастыру және өткізу шаралары туралы» қаулы қабылдады.

Қаулының мақсаты – республикада зиярат туризмінің әлеуетін тиімді пайдалану, жәдігерлерге бай мекенді әлемдік өркениеттің маңызды орталықтарының бірі екенін халықаралық деңгейде паш ету.

2022 жылы өтетін апталық аясындағы шараларға дайындық көру және оны өткізу жайлы іс-шаралар жоспары әзірленді.

Айта кетерлік жайт, халықаралық апталық өтетін ғимараттар мен шетелдік қатысушылар үшін бөлінген орындар мұсылмандардың қонақжайлылығы мен басқа да діндердің талаптарына сай жағдаймен қамтамасыз етіледі.

Туризм және мәдени мұра министрлігі Дін істері комитетімен бірлесіп, халықаралық апталық аясында діни кітаптар, дін ғұламаларының еңбектері, Өзбекстанда шыққан Құран және тақырыптық кәдесыйлардың көрмелерін ұйымдастырады.

Жыл сайын 15 қазанға дейін Халықаралық апталық өтетін орындар осы шараларға дайын болады.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Туризм: Өзбекстанда Халықаралық зиярат туризм апталығы өтеді