Әзірбайжан астанасында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі бас прокурорларының бірінші отырысы өтті.

«Dunyo» агенттігінің хабарлауынша, атаулы шараға Өзбекстанның бас прокуроры Нығматулла Юлдашев бастаған делегация да қатысты.

Қазақстан, Қырғызстан, Түркияның Бас прокурорлары, Венгрияның Елшісі, сондай-ақ Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Азимов және Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Чеол-Кю Хван қатысқан кездесу барысында тараптар құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын, мүше мемлекеттердің ведомстволары арасындағы үйлестіруді және тікелей байланыстарды нығайту трансшекаралық қауіп-қатерлерге, оның ішінде экстремизм мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұруда маңызды рөл атқаратыны айтылған.

Осындай тығыз байланыс арқылы құқықтық көмек көрсету, прокурорлар қызметінің тиімділігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Түркітілдес елдердің Бас прокурорлары кеңесін құру туралы ережеге» қол қойлғаны айтылады хабарламада.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түркітілдес елдердің Бас прокурорларының кеңесі құрылды