
Түркіменстанның оңтүстік-батысында әлемдегі ең үлкен балшықты жанартаудың бірі «Акпотловук» атқылай бастады.
Атқылау кезінде кратерден терең күрсініс сияқты дыбыс естіледі. Жер астынан топырақ, су, мұнай және шөгінді жыныстардың қоспасы болып табылатын балшық атқылап, күкіртті сутегінің иісі ауаға таралауда.
Эколог Меретдурди Кичимовтың айтуынша, жанартау әртүрлі себептермен оянуы мүмкін.
«Мүмкін, газдар бір жерде жиналып қалған, сондықтан жер асты сулары жанартауға жылдам еніп жатыр. Олар тасты жұмсартады, оны сазға айналдырады. Әзірге бұл атқылау қауіпсіз. Атқылаудың қанша уақытқа созылатынын болжау қиын. Бірақ әдетте ол бірнеше күнге созылады», - деген Кичимов.
«Акпотловук» жанартауының биіктігі шамамен 80 м, ал орталық бөлігінде диаметрі шамамен 150 метр болатын белсенді газды-балшықты көл бар. Жанартаудан шыққан балшық емдік мақсатта қолданылады.