Түркіменстан Президенті ЭЫҰ-ның Ташкент саммитіне қатысады
Түркіменстан Республикасының Президенті Сердар Бердімұхамедов 8 қарашада Ташкентте өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының он алтыншы саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға келді.
Мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Айта кетейік, бұл шараға Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Түркия мемлекеттері мен үкімет басшылары қатысады.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) он бесінші саммиті Ашхабадта өткен еді.

Сол кезде Мемлекет басшысы бес жүз миллионнан астам халқы бар елдеріміздің сауда және инвестиция салаларындағы зор әлеуетін толық пайдалану қажеттігін атап көрсеткен еді. Сондай-ақ, қабылданған «ЭЫҰ перспективалары – 2025» тұжырымдамалық бағдарламасы негізінде елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтудің және ең бастысы, практикалық нәтижелерге қол жеткізудің мақсаттылығы атап өтілген.
Икрам АВВАЛБАЕВ,
Насиржан ХАЙДАРОВ (сурет), ӨзА