Түркияда Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдігі ашылады
Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Даврон Вахобов Түркияда Сауда палаталары мен тауар биржалары одағының төрағасы Рифат Хисаржыклыоғлымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасының Халықаралық сауда палатасы мен Ислам сауда және даму палатасындағы қызметіне назар аударылған.
«Кездесудің негізгі мақсаты – іскерлік байланыстарды нығайту және инвестиция тарту деңгейін арттыру мақсатында өзара бизнес миссиялары мен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Түркияда Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының алғашқы өкілдігінің ашылуы елдің экспорттық әлеуетін кеңейту тұрғысынан маңызды мәнге ие екені мақұлданды.