Түркия делегациясы Самарқандтың тарихи орындарын аралады
ФОТОРЕПОРТАЖ
Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Қауіпсіздік және барлау комиссиясының төрағасы Вейсал Типиоғлу бастаған делегация Самарқанд қаласына сапармен келді.
Делегация Самарқандтың көрікті орандарымен танысуды Имам Бұхари кешенінен бастады.
Ислам әлемінің ұлы мұхаддисі мәңгілік тыныс тапқан қасиетті орын түркиялық қонақтарда ерекше әсер қалдырды.
[gallery-29882]
Сапар барысында делегация мүшелері Әмір Темір кесенесі, Регистан алаңы және «Шаһи Зинда» кешенін аралап, бірегей тарихи ескерткіштердің салыну тарихы мен олардың бүгінгі маңызы жөнінде жан-жақты ақпарат алды.
суреттерді түсірген А. Исроилов, ӨзА