Түркия ASEAN-ның диалог жөніндегі серіктесі мәртебесіне ие болды
Түркия Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (ASEAN) диалог жөніндегі серіктесі мәртебесіне ие болды. Бұл шешім Манила қаласында өткен ASEAN-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде қабылданды.
– Бұл жетістік Азия–Тынық мұхиты өңіріндегі белсенділігімізді нығайту үшін аса маңызды, – деді Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан.
Оның айтуынша, жаңа мәртебе Анкараға халқы шамамен 700 миллион адамды құрайтын әрі экономикасының көлемі 4 триллион АҚШ долларынан асатын өңірмен саяси және экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.
Хакан Фидан Түркия мен ASEAN елдері арасындағы тауар айналымы 2010 жылдан бері 6,5 миллиард доллардан 16 миллиард долларға дейін өскенін атап өтті.
Айта кетейік, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (ASEAN) – Бруней-Даруссалам, Вьетнам, Индонезия, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Таиланд және Филиппинді біріктіретін өңірлік үкіметаралық ұйым. Ресей Федерациясы 1996 жылдан бері ASEAN-ның толыққанды диалог жөніндегі серіктесі болып табылады.