Трамп мемлекеттік сапармен Ұлыбританияға келді
АҚШ Президенті Дональд Трамп жұбайы Мелания Трамппен бірге екінші мемлекеттік сапармен Ұлыбританияға келді.
Лондондағы Станстед әуежайында Трамптар жұбын Әуе күштерінің әскери қызметкерлері мен Ұлыбритания шенеуніктері, соның ішінде сыртқы істер министрі Иветт Купер қарсы алды.
Содан кейін АҚШ президенті мен бірінші ханым Ұлыбританиядағы АҚШ елшісінің ресми резиденциясы саналатын Винфилд-Хаусқа барып, кешті сонда өткізді.
Сапардың ресми қабылдаулары мен салтанатты шаралары сәрсенбі күні басталады. Бұл күні Трамптар жұбын Виндзор қамалында король ІІІ Карл мен королева Камилла қарсы алады.
Бейсенбі күні Дональд Трампты Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қала сыртындағы Чекерс резиденциясында қабылдайды. Кездесуде инвестициялар, болат пен алюминий тарифтері, сондай-ақ Украинаға мен Газадағы жағдай талқыланады.