Токио олимпиадасы Лондонға көшірілмейтін болды
Токио-2020 олимпиадасын Лондонға көшру жайлы бастама көтерілді
Халықаралық олимпиада комитеті соңғы уақытта әлем елдеріне қауіп төндіріп тұрған коронавирус себеп Токиода өтетін жазғы спорт түрлерінен олимпиада ойындарын басқа қалаға көшірмейтіні жайлы хабарлады.
Бұған дейін Лондон қаласы мэрі болуға күресіп жатқан Шон Бэйли Токио-2020 олимпиадасын Лондонға көшру жайлы бастама көтеріп «коронавирустың өршуі бәсеңсімейтін болса олимпиаданы Англия астанасында өткізсек болады, мұнда тәжірибе де инфрақұрылым да бар» деп, өз ұсынысын білдірген болаты.
Осы жағдайға байланысты Токио губернаторы Юрико Коикэ бұл ұсынысқа жауап терінде «мұндай жағдайда мэрлік орынға ие болу үшін жасалған қадам сәтсіз. Өйткені қазір бүкіл әлемге қауіп төндірген індет тіпті әлем назарын ерекше өзіне аударған лайнер («Diamond Princess») Ұлыбританияға тиесілі екенін ұмытпаған дұрыс» деген.
Ал осы жағдайларға айқындық енгізу мақсатында ХОК 2020 жылда өтетін олимпиада ойындары Токиодан басқа көшірілмейтіні жайлы нақты айтып «Жапония бұл індетпен нақты күрестер жүргізіп жатқандығына байланысты, жарыс кезінде спортшылар ешқандай келеңсіздікке ұрынбайтын болады» деп мәлімдеген.