Тест сынақтарын өткізуге 58 стадион мен саябақ дайындалуда
Өзбекстанда талапкерлерді жоғары оқу орындарына қабылдау тест сынақтарын өткізу үшін 58 стадион мен саябақ дайындалуда.
Мемлекеттік тест орталығы 2022-2023 оқу жылында талапкерлерді қабылдау бойынша тест сынақтары өтетін орындар туралы ақпарат берді.
Орталық басшысы Фарход Мирзаевтың айтуынша, тест сынақтарын өткізу үшін 58 стадион мен саябақтар дайындалуда.
Бұл ретте тестілеуге 1 ауысымда 1614 топта 48420 талапкер, 1 күнде (2 ауысымда) 3228 топта 96840 талапкер тест сынақтарында қатысады. Өткен жылғы тәжірибеге сүйене отырып, бірінші ауысым таңғы 7.00-ден 10.00-ге дейін, екінші ауысым кешкі 19.00-ден 22.00-ге дейін өтеді.
Тест сынақтары ашық және айқын өтуін қамтамасыз ету мақсатында топ жетекшілері ретінде халыққа білім беру және жоғары оқу орындарының 3500-ге жуық жетекшілері мен педагогтарын тарту көзделген.
2022/2023 оқу жылының тест сынақтары 8 тамызда басталып, емтихандар 10-нан 13 күнге дейін созылады деп жоспарланған.
Қабылдау қорытындысы бойынша биыл онлайн тіркелген талапкерлер саны 1 миллион 214 мың 232 адамды құрады.
- Күндізгі оқу — 612 530 адам;
- Сырттай оқу – 565 902 адам;
- Кешкі білім беру – 27 417 адам;
- Қашықтан білі алу– 8 383 адам.