Теннис: Өзбекстандық теннисшілер «Guangzhou Open» турнирінің ширек финалына шықты
Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан теннистен WTA 250 санатындағы «Guangzhou Open» турнирінде өзбекстандық теннисшілер Мария Тимофеева мен Полина Кудерметова ширек финалға шықты.
Бұл жұп турнирдің жұптық сайысындағы 1/8 финалда аргентиналық Николь Фосса Уэрго мен бейтарап теннисші Елена Приданкинадан құралған дуэтті 6:1, 3:6, 10:6 есебімен жеңді. Осылайша, ширек финалға жолдама алған Мария мен Полина енді жартылай финалға шығу үшін жапониялық Эри Хозуми мен словениялық Андрея Клепач жұбына қарсы кортқа шығады.
Айта кетейік, турнирдің жекелей сында Мария Тимофеева алғашқы кезеңде сербиялық Теодора Костовичті 6:4, 6:1 есебімен жеңіп, екінші айналымда қытайлық Сунь Синьжаньмен кездесетін болды.