Тбилиси телемұнарасында Өзбекстан туы бейнеленді
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Грузияға жасаған мемлекеттік сапарының құрметіне әрі Өзбекстан халқына деген ілтипаттың белгісі ретінде Тбилиси телемұнарасында Өзбекстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленді.
Мемлекет басшысы мен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Тбилиси телемұнарасының алдында естелік суретке түсті.