Ташкенттен Ыстықкөлге маусымдық автобус қатынасы іске қосылады
Жаз мезгілінің шуағымен бірге саяхат маусымы да қыза түсті. Енді табиғат аясында тынығып, қырғыз жеріндегі көрікті Ыстықкөл жағалауына баруды жоспарлаған жолаушылар үшін тағы бір қолайлы мүмкіндік пайда болды.
Алдағы 8 маусымнан бастап Ташкент пен Қырғызстандағы әйгілі демалыс аймағы — Ыстықкөл арасында маусымдық автобус қатынасы жолға қойылады. Рейстер көл жағасындағы көркем Шолпаната қаласына дейін қатынайды.
«Uzautotrans Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестік мәліметінше, Ташкент – Шолпаната бағыты бойынша қатынайтын автобустар маусым айының жұп күндері «Ташкент» автовокзалынан жолға шығады. Ал Ыстықкөлден Ташкентке қайтатын рейстер айдың тақ күндеріне жоспарланған.
Жолаушыларға қызмет көрсету заманауи әрі жайлы «Yutong» маркалы автобустар арқылы жүзеге асырылады. Әр рейс күн сайын сағат 15:00-де «Ташкент» автовокзалынан жолға шығады.
Көк аспанмен астасқан мөлдір көл, тау самалы мен табиғат тынысын сезінгісі келетін саяхатшылар үшін бұл бағыт жазғы демалыстың ең қолайлы таңдауларының біріне айналмақ.
Аталған бағыт бойынша билет бағасы 365 мың сум болып белгіленген.